Новости компаний, новые поступления или услуги
Шоқсары. Володушка.
Шоқсары - көпжылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасына жатады. Өсімдік негізінен климаттық ылғалдылығы жоғары аймақтарда өседі. Таралу аумағы Солтүстік Африка мен Еуразия елдерін қамтиды. Өркендерінің ұзындығы бір метрге дейін өседі. Көпжылдық жапырақтары қиярға ұқсас пішінге ие. Жапырақ тақталарының беті көгілдір реңкке ие және жұқа балауыз жабынмен жабылған. Гүлдері сары, жапырақшалары оралған. Гүлдеуі маусымда немесе шілдеде басталады. Маусымның соңына қарай тұқым пайда болады. Шоқсарылардың 200-ге жуық түрі бар. Дәрілік мақсатта тек 3 түрі қолданылады. Бізде, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында өсетін 4 түрі бар.
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ далалық кезең аяқталды. Закончился полевой сезон в РГУ «Западно-Алтайский государственный природный заповедник».
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
"Таза табиғат" экологиялық акциясы. Экологическая акция "Чистая природа".
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында «бес жыл көлемінде Қазақстан ормандарында екі миллиардтан және жергілікті мекендерде 15 миллионнан астам ағаштарды отырғызу бойынша» тапсырмасын орындау мақсатында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері көктемгі-жазғы отырғызуларға, көркейту мен клумбаларды көгалдандыруға қатысқан болатын.
Туристік маусымның аяқталуы. Завершение туристического сезона.
Батыс-Алтай қорығында өткізілетін экологиялық туризм мерзімді болып табылады және ауа-райы жағдайларына тәуелді екені рас. Қараша келді. Күз жайлап қарлы қысқы көрініске көшті. Бұл дегеніміз, қорықтағы туристік кезең соңына жетті және жабық деп жарияланды деген сөз. Ауа-райы жағдайларына – тауларда қардың түсуіне байланысты бағыттардың көптеген бөлігі қыркүйектің ортасында жабылып қалған. Соңғы уақытта «Батыс Алтай эталоны» автокөліктік бағыты ғана жұмыс жасап тұрды. Кезең өте мазмұнды өтті, қорыққа 2021 жылдың 10 айында 392 келушілер (4 шет елді мемлекеттен 10 шетелдік азамат) болған, бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда үштен бірге көбірек. Біздің бағытқа келушілердің көбі саяхаттау мақсатында келгендер.Жақын арада Батыс-Алтай қорығы 2 велосипед сатып алды, бұл келесі жылы «Убинские перекаты» велосипедті бағытында келушілерді қабылдауға рұқсат береді. Бұдан бөлек, тағы бір бағыттың ашылуы жоспарлануда. Сондықтан келесі жылғы жаңа маусым бұдан да қызықтырақ болатыны сөзсіз. Барлықтарыңызды Батыс-Алтай қорығына шақырамыз. Келесі маусымда жолыққанша!
Страница 127 из 406