Емдік өсімдік- мияжапырақ таспа. Целебное растение- Астрагал сладколистный.
Мияжапырақ таспа- бұршақ тұқымдастырына жататын өсімдік. Аталған өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оның ұсақ ақ- сарғыш түстес гүлдері бас тәрізді гүлшоғырға жинақталған. Таспа сирек кездесетін түр. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында аздаған куртиналармен кездеседі. Шалғындарда, сиретілген қайыңды- қылқанды ормандарда өзен бойымен өседі, мамырдың соңынан маусымның ортасына дейін гүлдейді. Таспаның құрамындағы заттар бүкіл организмнің жағдайына жақсы әсер тигізеді, кәрілікті тоқтатады. Осы қасиеті үшін оны көп халықтарда халықтық медицинада қолданады. Оның қысымды төмендететін, сергітетін, қан тоқтататын, тыныштандыратын, терлететін, несеп айдайтын қасиеті бар, қан тамырларын кеңейтеді. Қақырық түсіретін және дерматит кезінде, скрофулез бен ревматизмде қолданады. Шикізат ретінде барлық бөлігін пайдаланады. Шөбі мен гүлін гүлдену кезінде кеседі, тамырын кеш күзде қазып алады. Сулы тұнбасын гипертоникалық ауруларда қолданады, жүрек- тамыр жүйесінің жағдайын жақсарту үшін, спирттік тұнбасын атеросклерозда пайдаланады, қайнатпасын қан тоқтататын және қатайтатын нәрсе ретінде қолданады.
Астрагал сладколистный – растение семейства бобовые. Данное растение занесено в Красную Книгу Казахстана. Его мелкие беловато-желтые цветки собраны в головчатое соцветие. Астрагал весьма редкий вид. На территории Западно-Алтайского государственного природного заповедника встречается небольшими куртинами. Растет, на лугах, в разреженных березово-хвойных лесах по долинам рек, цветет растение с конца мая до середины июня. Вещества, содержащиеся в астрагале, благоприятно сказываются на состоянии всего организма, замедляют старение. За такие свойства астрагал используют в народной медицине многие народы. Астрагал имеет гипотензивное, тонизирующие, кровоостанавливающее, успокаивающее, потогонное, мочегонное действие, расширяет кровеносные сосуды. Применяется как отхаркивающее и слабительное средство, при дерматитах, скрофулезе и ревматизме. В качестве сырья используют все части растения. Траву и цветы срезают во время цветения, корни выкапывают поздней осенью. Применяют водную настойку астрагала для лечения гипертонической болезни и улучшения состояния сердечно-сосудистой системы, спиртовую настойку при атеросклерозе, отвары астрагала в качестве кровеостанавливающего и укрепляющего средства.