Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

Алтай маралы. Алтайский марал → Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

29 ноября 2022 | обсудить:       | подписаться:  

Алтай  маралы

     Алтай маралы (Cervus elaphus sibiricus) – бұғылар тұқымдасына жататын ірі, қостұяқты  жануар, салмағы 400 кг-ға дейін жетеді. Дене ұзындығы 2,5 метрден асады, ересектерінің биіктігі орта есеппен 1,7 метрді құрайды. Ұрғашы маралдар сәл кішірек келеді. Көбінесе табындық жануар, дегенмен кәрі еркектер көбінесе жалғыз  жүреді. Маралдар әдетте шағын топ болып, бұқа және 3-5 киік бірге жүреді. Ол ойлы-қырлы , жеңіл қылқан жапырақты екпелі жерлерде жүреді, жалпақ жапырақты ормандарға бармайды.

   Алтай маралы – шөпқоректі жануар. Ол тұзды жақсы көреді, тұзды батпақтардағы минералды  толтыру үшін оны жалайды. Қыста жануарға жоғары калориялы қына және қылқан жапырақты өсімдіктермен қоректену қажет болады. Жаз айларында жануарлар қыста қажет болатын,  бірте-бірте тұтынылатын май түріндегі энергияны сақтай отырып, салмақ қосады.

   Табиғаттағы маралдың басты жауы – қасқыр. Сондай-ақ, маралдардың жауы - аю, ол негізінен әлсіреген және ауру маралдарға  шабуыл жасайды. Алайда, бұл түрдің жойылып кетуінің басты себебі - адам әрекеті - мекендеу ортасының аз болуы, мүйізді, қанды сату мақсатында браконьерлердің аулауы, (қытай медицинасында дәрі ретінде танылады),  майы, ет пен терісі.

Алтайдың маралындағы қасиет басқа ешбір жануарда кездеспейді, сондықтан бүкіл әлемде бағаланады. Соңғы жылдары минералды заттар мен шыршаның эфир майлары қосылған марал мүйізінен жасалған препараттармен емдік ванналарды қабылдау өте танымал болды.

Алтай маралы  қорықтың барлық аумағында кездеседі.

Марал туралы қызықты деректер:

• Қыс мезгілінде терісі сұрғылт қоңыр түсті болады да, ал көктемде түлегеннен кейін қызғылт сарыға айналады. 

• Маралдар табиғатынан мінезді    және қорқақ болып келеді, аз ойнайды, олардың арасында қақтығыстар да жиі болып тұрады.

• Маралдың құйрығының астында ақ дақтары бар.

Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Нұрахметова Ә.К. дайындады.

Фототұзақтың суреттері.

 

 

 

 

 

Алтайский марал

Алтайский марал (Cervus elaphus sibiricus) – это крупное парнокопытное животное из семейства оленевых, весом до 400 кг. Длина тела свыше 2,5 метров, высота в холке в среднем 1,7 метра. Преимущественно стадное животное, хотя старые самцы часто ведут одиночный образ жизни. Живут маралы обычно небольшими группами, бык и 3-5 оленух. Тяготеет к светлохвойным насаждениям в пересечённом рельефе, широколиственных лесов избегает.

Алтайский марал — травоядное животное. Любит соль, лижет её для восполнения минерального баланса на солончаках. Зимой животному приходится питаться менее калорийными растениями: лишайниками, хвоей. За летний период животное набирает вес, запасая энергию в виде жира, который зимой постепенно расходуется.

Главный враг марала в дикой природе — волк. Также врагом марала является медведь, нападающий в основном на ослабленные и больные особи. Однако основной причиной вымирания этого вида является деятельность человека — как сокращение мест обитания, так и охота браконьеров с целью продажи пантов, крови (признающихся в китайском медицине лекарствами), сала, мяса и шкуры.

Уникальные свойства алтайского марала больше не встречаются ни у одного животного и поэтому ценятся во всем мире. Очень популярными в последние годы стало принятие лечебных ванн с препаратами из пантов марала с добавкой минералов и эфирных масел пихты.

Алтайский марал встречается на всей территории заповедника.

Интересные факты о маралах:

К зиме шерсть марала приобретает буро-серый оттенок, после линьки становится рыжеватой.
Характер у маралов нервный и пугливый, играют они мало, при этом среди них нередки конфликты.

·         Под хвостом у марала — белое пятно.

Материал подготовлен специалистом отдела НМЭПиТ Нұрахметовой Ә.К.

Снимки с фотоловушки.

Поделиться:
 
Обсудить: ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Instagram, Twitter, Pinterest | Подписаться: WhatsApp, Telegram.

[↓Перейти к комментариям↓] Читать еще:

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Свежие отзывы

Редактор 14 декабря 2022 в 14:19
АЗС "Центральная"
Редактор 6 декабря 2022 в 11:05
АЗС "Qazaq Oil"

Поделиться...

 

Поиск по сайту