Поддержать проект: 4400 4301 8012 7141 (VISA Kaspi GOLD)
Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

Ең кішкентай жыртқыш аң аққалақ.Ласка - самый маленький хищный зверь. → Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

2 сентября 2022 | обсудить:       | подписаться:  

Ең кішкентай жыртқыш аң аққалақ.

Аққалақ -сусар тұқымдасына жататын ең кішкентай жыртқыш аң. Дене тұрқы – 13,6 – 19,2 және құйрығы 1,8 – 3,7 сантиметрдей, еркектерінің салмағы 43-100, ұрғашыларынікі – 25-52 г. Қысқы жүні таза ақ. Жазда арқасының жүні қызғылт қоңыр немесе қара бұрыл, бүйірі қоңырлау, бауыры ақ болады. Аққалақ немесе аққұқұлақ ақкіске ұқсас, бірақ құйрығы қысқа және ұшы қара емес. Денесі жіңішке және икемді болып келеді. Жүні жұмсақ, бірақ қысқа болады .

Аққалақ Еуропада, солтүстік Африкада, Азияда, Солтүстік Америкада кездеседі. Аққалақ Қазақстанның  барлық обылысында кездеседі. Әр түрлі қоныстарда мекендейді. Орман ішінде өзенмен көл жағасында, сай – салаларда, тау құздарда кездеседі. Шөл және шөлейт аудандарда кең тараған. Мойынқұм, Балқаш, Бетпақдала, Қызылқұм аймақтарында құмды төбелерді қоныстанады. Қыстың аязды күндері ауыл төңірегінен жиі көрінеді. Аққалақ көбінесе ақкіс аз тараған жерлерде қоныстанады .

Аққалақ өте өсімтал. Ол жылдың барлық уақытында көбейеді. Үштен тоғызға дейін күшік туады. Жылына бір рет түлейді. Аққалақтың қорегі – тышқан тәрізді ұсақ кеміргіштер. Бір аққалақ күніне 15-тей тышқан ұстайды. Дала тышқандарын індеріне кіріп ұстап алады. Шөлді аймақта негізінен құм тышқандарымен қоректенеді. Баспана есебінде кеміргіштердің ескі індерін паналайды. Қыс айларында тұрақты жатағы болмайды. Жемін іздеп үнемі бір жерден екінші жерге қонысын ауыстырып отырады. Қысқа кейде азық жинайды. Азықты аққалақ көбінесе түнде, ал жазда күндіз де іздеуге шығып ұстайды. Аққалақ батыл және айлакер аң.

 

Аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.

 

 

                  Ласка - самый маленький хищный зверь.

Ласка - самый маленький хищный зверь, принадлежащий к семейству куньих.Туловище составляет 13,6 – 19,2 см и хвост от 1,8 до 3,7 сантиметров. Вес самцов - 43-100 г, самок-25-52 г. Зимний мех - чисто белый. Летом шерсть на спине красновато-коричневая или черная, бока бурые, передняя часть туловища белая. Ласка похожа на горностая, но хвост короткий и кончик не черный. Тело стройное и гибкое. Мех мягкий, но короткий.

Ласка встречается в Европе, Северной Африке, Азии, Северной Америке и во всех областях Казахстана. Населяет различные поселения. В лесу встречаются вдоль реки и озера, в ущельях, в горных скалах. Распространена в пустынных и полупустынных районах. В районах Мойынкум, Балхаш, Бетпакдала, Кызылкум селится в песчаных дюнах. В морозные зимние дни ласку часто видно около окрестностей деревни. Ласка  часто селится в тех местах, где другие ласки менее распространены. Она размножается во все времена года. Рождается от трех до девяти щенков. Раз в год линяет. Питание ласки-мышевидные мелкие грызуны. Одна ласка в день ловит до 15 степных мышей, проникая в их норы. В пустынной зоне питается в основном песчаными мышами. В качестве приюта использует старые норы грызунов. В зимние месяцы нет постоянного места жительства. В поисках корма постоянно переключается с одного места на другое. Зимой иногда собирает корм, преимущественно ночью. Ласка - храбрый и хитрый зверь.

 Охотовед заповедника Кінәзханов Ж.Н.

 


Поделиться:
 
Обсудить: ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Instagram, Twitter, Pinterest | Подписаться: WhatsApp, Telegram.

[↓Перейти к комментариям↓] Читать еще:

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Свежие отзывы

vaxa 5 сентября 2022 в 08:35
Водоканал

Поделиться...

 

Поиск по сайту