Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

Асыл мұра. Благородное наследие. → Западно-Алтайский государственный природный заповедник МЭГПР РК

19 октября 2021 | обсудить:       | подписаться:  


 Орман әрқашан адамзаттың байлығы болып саналған. Шығыс Қазақстанның ормандары хош иісті балқарағайға, сағызқарағайға, бағалы самырсынға, қайыңға бай. Біздің өлкенің орман шаруашылықтары өз ісінің нағыз патриоттарымен мақтана алады. Қазақстандағы орман шаруашылығының қызметкерлері еңбекақы жағынан рейтингтің соңғы орындарының бірінде тұрғандығы ешкімге құпия емес. Осындай төмен жалақысы бар жұмысқа өз ісін шынайы сүйіп жасайтын адамдар келетіні рас. Шығыс Қазақстанның көптеген орман шаруашылықтарында өз мамандығын жүрекпен таңдаған, қызметіне бей-жай қарамайтын адамдар еңбек етеді. Сондай мамандықтардың «үлкен» адамдары ашық түйсікпен қатар, саналы және мейірімді жүрекке ие. Олар өз мінез-құлықтарын, дағдыларын және құнды тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді, осылай ғасырлық құндылықтарын және салт-дәстүрлерін сақтаған әулет, ұрпақты тұқым өсіп шығады. Санитарлы ағаш кесу, қайта өсіру және орманды жаңарту, биоалуантүрлілікті сақтау бұның барлығы табиғатқа деген және болашақ ұрпаққа табиғатты сол қалпында тапсыру мақсатында қамқорлы қатынасты көрсететін орман шаруашылығының тек терминдері ғана болып табылады. Сондай отбасылардың бірі, Қазақстанның шығысында тұратын –Орсариновтардың «орманды» әулеті. Бұл отбасының тарихының бастауы сонау 1931 жылдан алады, ағаш өсіруші әулеттің ұрпақ басшысы Әбу Әміреұлы Орсаринов Катон-Қарағай ауданының Берел ауылында туған, оның бесігі ұлы таулар мен түрлі тұқымдас тоғайлармен қоршалған еді. Ол өзінің пәк табиғатымен және өнімді жерімен танымал жұмақты мекенде ер жетті. Ол кезде жастардың мақсаты үлкен қалаға «шығу» және жарық, кең кеңседе жұмыс істеу болмаған. Әбу Әміреұлы өзінің еңбек жолын Берел орман шаруашылығында орман даярлаудың шебері болып бастап, кейін 1986 жылға дейін техникалық жетекші ретінде қызмет жасаған. Ал оның жары – Бағила Дастанқызы – орман шаруашылығында өз қызметін бастап, 15 жыл көлемінде орман даярлаудың шебері болып еңбек еткен. Бағила Отанға, табиғатқа және отбасылық іске деген махаббатты ұлдарына ананың сүтімен бергендей. Жер бетіндегі адамдарға ең қажет және мәртебелі деп есептеген өз мамандығына деген шексіз махаббатын Әбу Ақсақал мұра етіп әулеттің екінші үрім-бұтақтан, үлкен ұлы Елеукенов Төлеубек Әбуұылынан басталады. Төлеубек Әбуұлы, әскердегі қызметінен келе салып, автокөліктің рөліне отырып, орман саласындағы жұмысын бастап кетті. Патриоттық сезімге рухани бай Төлеубек өз өмірінің 39 жылын құрметті еңбекке арнады. Қайта құрылуларға қарамай, Төлеубек ешқашан өз жұмысын тастамады. Мүмкін мамандыққа адалдық пен жалпы отбасылық құндылыққа деген шыншылдық осы шығар. Екінші ұлы Орсаринов Жиенбек Әбуұлы, 22 жасынан бастап 36 жыл көлемінде әкелік іске сый-құрметпен қарап, орман шаруашылығында қызмет жасады, жұмысын отбасын бағумен қатар алып жүрді. Үшінші ұлы, Назарбек Әбуұлы Орсаринов, 1960 жылы туған. Ол да ағалары сияқты Берел орман шаруашылығында қара жұмысшы болып қызмет жасап, отбасылық істің қыр-сырын меңгерді. Орман ісінде жылдамдық өте маңызды, оның үстіне тасымал да қажет, сондықтан Назарбек жүргізуші болуды жөн көрді. 2001 жылы Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің құрылғанынан кейін ол орманшы болып қызмет жасады. Кейін 2007 жылдан бүгінге дейін отбасылық дәстүрлерге берік болып, Үріл филиалында орманшы болып жүр. Төртінші ұлы, Орсаринов Қайрды Әбуұлы 1963 жылы дүниеге келген, отбасылық іске 1985 жылы араласты. Өз қызметін қарапайым жұмысшыдан бастап, кейінірек өрт сөндіру сарбазы болған. Біраз уақыттан соң орманшы лауазымына ауыстырылып, кейін орман даярлаудың шебері болып тағайындалды. Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркі құрылған соң 2001 жыл мен 2007 жылдар аралығында Үріл филиалында шебер болып еңбек еткен. Ал 2007 жылдан бастап Қайрды Әбуұлы Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жағынан тағы бір «інжуі» саналатын «Риддер орман шаруашылығы» КММ ауысады. Бұл жерде ол орман шебері қызметінде, кейін – орманшы болып, ал жылдар өте келе орман шаруашылығының орынбасары қызметіне дейін «өседі». Орсаринов Қайрды Әбуұлы 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейін орман ісінде «Пихта орман шаруашылығы» КММ директоры болып басқарады, ал сол жылдың алтын күзінде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры болып тағайындалады. Осы жолмен 1965 жылы туған Нығметолла Әбуұлы да жүрген, Берел орман шаруашылығында орманшы және орманшының көмекшісі болып тәжірибе жинады, қазіргі кезде Берел орман шаруашылығында орман қорғау инженері болып қызмет жасайды. Орсаринов Қайрат Әбуұлы Катон-Қарағай МҰТП Аршаты орман шаруашылығында еңбек ете жүріп, орманшылардың ерлер тізбегін аяқтайды. Орман саласында қызмет жасау ерлерге ғана тән деп бұрыннан саналған. Сондықтан орман ісінде әйелдер қауымын сирек кездестіресің. Алайда, Орсариновтардың ең кіші өкілі – Анаргүл Әбуқызы осы саладағы жұмысты таңдады. Үлкен ағалары сияқты нәзікжанды Анаргүл Әбуқызы әкесінің және ағаларының салған сара жолымен жүруге, өмірін орманмен байланыстыруға қорыққан жоқ. Көптеген жылдар бойы ол Үріл орман шаруашылығында инспектор болып қызмет жасайды, үйдің шаруасымен бірге ұлттық парктегі жұмысын алып жүр. Шығыс Қазақстанның басты байлығын көркейту және өркендету үшін марқұм Әбу Әміреұлының ғана балалары қызмет жасап жатқан жоқ. Мысалы, Орсаринов Қайрдының қызы мен ұлы, Әбу Әміреұлының немерелері де өз тағдырларын орман ісімен байланыстырып, Орсариновтар әулетінің үшінші үрім-бұтағын жалғастыруда, Динара Әбуова магистрлік дәрежеде орман ресурстары мен орман өсірушілік мамандығын меңгеріп, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің бастығы бола отырып, Қазақстан байлықтарының биоалуантүрлілігін байыту мен сақтауда өз еңбегін сіңірді. Азамат Қайрдыұлы Әбуов Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы болып отыр. Әр отбасылық жиналыста балалары, немерелері және шөберелері Әбу аталарының орманды қорғап қана қоймай, оны әрқашан көбейтіп отыру керек деген насихатын естеріне алады. Бұл әкеден балаға берілген ең бағалы өсиет және үлкен жауапкершілік болып табылады. Әулеттің қиын қыстау кезеңнен өткен уақыттары да болды. Бұл – қайта құрылу, орман шаруашылық саласы қаржыландырусыз қалған кездер және капитализм мен демократияның барлық «қызықтары». Бірақ барлық қиыншылық кезеңдерде әулеттің рухы сынбады және ешкім отбасылық істен бас тартпады. Олар еліне, туған жеріне және өз мамандықтарына деген адалдығын сақтай алды. Бұл қаһармандық емес пе?! Үш үрімді бұтақтың толассыз еңбектері расымен де ең биік мақтауларға ие. Мүмкін оқырманға бұл оқиға ешбір ерекше қызығы жоқ қалыпты жағдай ретінде болуы мүмкін, бірақ ауыр соғыс кезеңінде балалық шағы мен жастық кезеңін өткізген ақсақал Әбу үшін бұл үлкен өмірлік сабақ болды. Ең қажетті, басты дүниелерді ол бұл сабақтан ала отырып, балалары мен немерелеріне құнды тәжірибе қалтыра алды. Бұл барынша ашық, дана адам азаматтық және адами бүкіл өмірін ар-ожданмен өткізді. Және бұл ар-ожданы оған жеңін түрмей еңбек етуге, басқаның қайғысын бөліспеуге, ортақ іске жауапкершілікті өзіне алмауға мүмкіндік бермеді. Орсариновтар әулетінің шөберелері өсіп келеді, отбасылық дәстүрді жалғастырып және ұрпақтар сабақтастығымен олардың өз тағдырларын да орман саласымен байланыстыратындығына ешқандай күмән жоқ. Себебі, орман өсірушілік – отбасылық іс қой.

Авторы: Динара Абуова Авторласы: Орсаринов К.А. «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры


 Лес во все века был богатством человечества. Леса Восточного Казахстана богаты пахучим кедром, лиственницей, ценной пихтой, березой. Лесные хозяйства нашего края могут похвастаться настоящими патриотами своей профессии. Ни для кого ни секрет, что работники лесного хозяйства в Казахстане занимают одну из последних строчек рейтинга по величине заработной платы. И приходят на такую низкооплачиваемую работу, как правило те, кто по-настоящему любит свое дело. Во многих лесных хозяйствах Восточно-Казахстанской области трудятся неравнодушные люди, выбравшие свою профессию сердцем. «Большие» люди таких профессий обладают не только открытым сознанием, но и чутким и добрым сердцем. Они передают свои качества, навыки и бесценный опыт из поколения в поколение, так и вырастают династии, потомки, которых, верно, хранят вековые ценности и традиции. Верно, что лесное хозяйство было одним из благородных профессий санитарные рубки, воспроизводство и лесовосстановление, сохранение биоразнообразия, это всего лишь часть терминов, которая объединяет в себе бережное отношение к природе и передача в сохранности новому поколению. Одна из таких семей, которая живет на востоке Казахстана, — это «лесная» династия Орсариновых. История этой семьи берет начало в далеком 1931 году, родоначальник династии лесоводов Абу Амреулы Орсаринов родился в селе Берель Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области, его колыбель была окружена величественными горами, усыпанными деревьями различных пород. Он вырос в райском местечке, славящимся своей девственной природой и плодородной землей. В те времена у молодежи не было цели «вырваться» в большой город и работать в светлом, просторном офисе. Абу Амреулы начал трудовую карьеру с должности рядового рабочего в Берельском лесхозе, работал мастером лесозаготовок, затем неустанно трудился до 1986 года в качестве технического руководителя. А его супруга - Багила Дастанкызы – начав свою трудовую деятельность в лесном хозяйстве в течении 15 лет работала мастером лесозаготовок. Багила словно с молоком матери привила своим сыновьям любовь к Родине, природе и семейному делу. Свою безграничную любовь к профессии, которую Абу Аксакал считал самой благородной и самой необходимой людям на земле, по наследству передал старшему сыну, вторая ветвь династии, начинается с Толеубека Абуовича Елеукенова. Толеубек Абуович, вернувшись со службы в армии, сразу сел за руль автомобиля и приступил к работе в лесной отрасли. Вдохновленный духом патриотизма, Толеубек посвятил 39 лет своей жизни благородному труду. Несмотря на все перестройки, Толеубек никогда не бросал свое дело. Наверное, это и есть преданность профессии, честность по отношению к общим семейным ценностям. Второй сын Орсаринов Жиенбек Абуович, начиная с 22-летнего возраста, в течении 36 лет с уважением к отцовскому делу трудился в лесхозе, совмещая работу с заботой о семье. Третий сын, Назарбек Абуович Орсаринов, родился 1960 году. Он также, как и братья, трудился простым рабочим в Берельском лесхозе, осваивая тонкости семейного дела. Оперативность в лесном деле очень важна, да и перевозка была постоянно нужна, поэтому Назарбек предпочел работу водителем. После создания Катон-Карагайского государственного национального природного парка в 2001 году он работал лесником. Затем с 2007 года и по нынешний день, не изменяя традициям семьи, Назарбек Абуович работает лесничим в Урыльском филиале. Четвертый сын, Орсаринов Кайрды Абуович 1963 г рождения, к семейному делу присоединился в 1985 году. Свою деятельность он начал с простого рабочего, потом был пожарным бойцом. В последствии был переведен на должность лесника, а потом стал мастером леса лесозаготовок. После образования Катон-Карагайского государственного национального природного парка с 2001 года до 2007 года проработал мастером в Урыльском филиале. А с 2007 года Кайрды Абуович переводится в КГУ «Риддерское лесное хозяйство», природа которого считается еще одной «жемчужиной» Восточно-Казахстанского региона. Здесь он работает на должности мастера леса, потом – лесничего, а с годами «вырос» и до заместителя директора лесхоза. С 2015 года Кайрды Абуович Орсаринов возглавлял лесное дело, будучи директором КГУ «Пихтовского лесного хозяйства» до 2021 года, а золотой осенью того же года назначен директором Западно-Алтайского государственного природного заповедника. По тому же пути пошел и Нигметолла Абуович, 1965 года рождения, набравшись опыта на должностях помощника лесничего и лесничего в Берельском лесхозе, в данное время работает инженером охраны леса в Берельском лесничестве. Орсаринов Кайрат Абуович замыкает мужскую линию лесоводов, работая инспектором в Арчатинском лесничестве Катон-Карагайского ГНПП. Издавна считается, что работа в лесной отрасли прерогатива мужчин. Редко встретишь в лесном деле представительниц слабого пола. Однако, самая младшая представительница династии Орсариновых – Анаргуль Абуовна выбрала работу именно в этой сфере. Так же, как и старшие братья, хрупкая Анаргуль не побоялась пойти по проложенному отцом и братьями пути и связала свою судьбу с лесом. Многие годы она работает инспектором в Урыльском лесничестве, совмещая работу в национальном парке с домашними хлопотами. Но не только дети покойного Абу Амреулы служат во благо процветания и приумножения главного богатства Восточного Казахстана. Например, дочь и сын Орсаринова Кайрды внуки Абу Амреулы связали свою судьбу и продолжили третью ветвь династии Орсариновых, Динара Абуова освоила профессию лесных ресурсов и лесоводства со степенью магистра и проработала начальником отдела экологического просвещения, рекреации и туризма в Государственном национальном природном парке «Тарбагатай» внося свой вклад в сохранении биоразнообразия и приумножения богатств Казахстана. Азамат Кайрдинович Абуов является главным экспертом Управления развития лесного хозяйства Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан. На каждом семейном собрании дети, внуки и правнуки с трепетом вспоминают назидания дедушки Абу о том, что лес нужно не только оберегать, но и неустанно приумножать. Это самое ценное завещание и большая ответственность, переданная от отца к детям. Было время, когда династия испытывала трудные периоды. Это и перестройка, и времена, когда лесная отрасль лишилась финансирования, и все «прелести» капитализма и демократии. Но во все времена дух династии не был сломлен, и никто не бросил семейное дело. Они сумели сохранить преданность народу, родной земле, и своей профессии. Разве это не подвиг?! Неустанный труд трех поколений действительно достоен самых высоких похвал. Возможно, для читателя эта история покажется обыденной, не имеющей ничего особенного, но для аксакала Абу, детство и юность которого прошли в тяжелое военное время. Это огромный жизненный урок. Урок, из которого он извлек все самое нужное, главное, и сумел передать своим детям и внукам бесценный опыт. Всю жизнь этот удивительный открытый, мудрый человек жил по совести – человеческой и гражданской. И эта совесть не позволяла ему работать спустя рукава, не разрешала пройти мимо чужой беды, заставляя брать на себя ответственность за общее дело. Подрастают правнуки семьи Орсариновых, и нет сомнений, что они свяжут свою судьбу с лесной отраслью, продолжая семейные традиции и преемственность поколений. Ведь лесоводство – дело семейное.

Автор: Динара Абуова Соавтор Орсаринов К.А. Директор РГУ «Западно-Алтайский государственный природный заповедник»
 

Поделиться:
 
Обсудить: ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Instagram, Twitter, Pinterest | Подписаться: WhatsApp, Telegram.

[↓Перейти к комментариям↓] Читать еще:

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Свежие отзывы

Редактор вчера в 10:36
Vita
0
Редактор 9 ноября 2021 в 15:30
Permanent make up

Поделиться...

 

Поиск по сайту

Городские события