«Табиғат - біздің екінші үйіміз»

4 ноября 2015

4 -қарашада Риддер тарихи-өлкетану мұражайында «Табиғат –біздің екінші үйіміз» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараға 14 мектептің 1 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: табиғатқа ұқыпты қарауды және туған өлкеге деген махаббатты тәрбиелеу, табиғатқа адамның дұрыс қарау қабілеттерін үйрету.

Адамның екінші үйі табиғат, және де адам осы үлкен үйдің бір бөлігі екендігіне балаларды бейімдеу.

Іс-шара барысында экологиялық станциялар бойынша саяхат жасалды:

1 станция: «Атмосфера-жер ауасының қабаты». Мақсаты: оқушыларға ауа, оның құрамы және оны қорғау қажеттілігі туралы айтылды. Ауадағы шар арқылы тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

 

2 станциясы: «Судың маңыздылығы және оның өмірдегі қажеттілігі»

Мақсаты: Оқушыларға судың маңыздылығы туралы, анығырақ айтақанда-судың маңызды рөлі, адамның өміріндегі рөлі, өсімдік және жануарлар әлемі толығымен табиғат екендігі туралы айтылды. Суды тазалау бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

 

3 станциясы: «Орман-біздің байлығымыз»

Мақсаты: қорғашан ортаға махаббат және табиғатта экологиялық тұрақтылықтың қажеттілігін айқындау.

Орманға және онда тұратын жануарларға қызығушылықтарын таныту.

Қорғашан ортаның әсемдігін көре білу.

Орманда өзін- өзі ұстау ережелерімен таныстыру.

Орманды қорғауға тырысу және орманда өзін-өзі ұстауда ережелерді бұзатындармен күресу

«Сұңқар мен қырғи» атты ертегі қойылды. Құстардың тұлыптары болып ойнаған: Үкі, сұңқар, үйрек және қырғи.

 

4 станциясы: «Қорық». Осы станцияда оқушыларға Қазақстаның қорықтары туралы айтылды. Жануарлар әлемін қорғау түсінігімен таныстырылды.

Іс-шара барысында «Біздің өлкеміздің табиғаты» бейнебаяны көрсетілді.

Іс-шара соңында «Күзгі жапырақтар» ойыны өткізілді.

Риддерский историко-краеведческий музей
Казахстан, Риддер, ул. Независимости, 11
Риддерский историко-краеведческий музей
4-26-62

[↓Перейти к комментариям↓] Читать еще:

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Поделиться в социальной сети

 

Поиск по сайту